12.01.2022
Орыс тілі және әдебиеті мұғалімдерінің мектептік әдістемелік бірлестігінің отырысы
12 қаңтар күні орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті, оған директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ракитина С.И. қатысты. Отырыста келесі мәселелер қарастырылды:
1. «Орыс тілі», «Әдебиет» пәндері бойынша оқу үлгерімінің көрсеткіштері;
2. Баянлама: " Орыс тілі және әдебиет сабақтарында білім сапасын жақсарту үшін оқушылардың мотивациясын арттыру тәсілдері»;
3. Дарынды балалармен жұмыс жоспарының жүзеге асыру сараптамасы;
4. Ғылым негіздері бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне оқушыларды дайындау.
Орыс тілі және әдебиет мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жұмысына сараптама бойынша ӘБ жетекшісі А. Щербак сөз сөйледі. Ол оқытылатын пәндер бойынша білім алушылардың білім сапасын талдай отырып бірінші жарты жылдықтағы жұмыстың негізгі аспектілеріне тоқталды, педагогтар екінші жарты жылдықта білім сапасын арттыру үшін негізгі мақсаттар мен міндеттерді межеледі. Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі А.Б.Утеуованың сөзін тыңдай келіп, педагогтар сабақ өткізуде өз тәжірибесінле қолданатын белсенді әдістермен,нәтижелі тәсілдермен бөлісті.
Шевченко Е.О. дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспарына талдау жасады. Жас маман өз сөзінде жұмыстың негізгі кезеңдерін көрсетті, аталған мәселе бойынша өзінің ой пікір,тәжірибесін ортаға саллы.
Ғылым негіздерінен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне дайындау бойынша жұмыстар жүруде. Педагогтар оқушылармен онлайн-режимде сабақтар, консультациялар өткізеді, эссе жазу бойынша ұсыныстар беріледі, өз ойларын сауатты жеткізу үшін тиімді жолдар анықталады, әдеби шығармаларға сараптамалар жасалады. Бұл жұмыстар қысқы каникул аяқталған соң штаттық режимде жалғастырылатын болады.
Орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің отырысы тиімді,әрі табысты өтті.
А.Щербак,орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі.