Текст
17 қаңтарда 2 "Г" сыныпта" Құстар біздің досымыз " тақырыбына сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларды сан алуан құстардың түрлерімен,олардың тіршілігімен,мінез-құлық ерекшеліктерімен таныстыру, олардың байқағыштықтарын дамыту,құстарға қамқор болуға баулу және ұжымдық қызмет жасау дағдыларын жетілдіру болды.
Балалар құстарға жемсауыт жасады,құстарға қыс кезінде қамқорлық жасау керектігін айтып,олардың азаюына жол бермеу керектігіне назар аударды. Балалар жемсауыттарын ағаштврға іліп,оларға дәндер мен шекілдеуіктер т.б. септі. Қыстың аязды күндерінде қанатты достарымызға біздің қамқорлығымыз аса қажет екенін біле жүрейік.
Сынып жетекшісі: Смагулова Р. Р.