2022 жылғы 24 қаңтарда "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де қала және аудан педагогтерінің қатысуымен географияның пәндік әдістемелік апталығының ашылуы өтті. Пән апталығын өткізудің мақсаты білім алушының тұлғасын дамытуға, оқушылардың өз бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес оқуға және өзін-өзі дамытуға қажеттілігін қалыптастыруға, білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады. Апталықтың ашылу салтанатында география пәнінің мұғалімі Зинченко К. А. іс-шаралар жоспарын, онкүндіктің мақсаттары мен міндеттерін атап өтті, ал оқушылар адам өміріндегі географияның маңызы туралы хабарламаларды оқыды. Барлық оқушыларға үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!
К. Зинченко, география пәнінің мұғалімі