Текст
3 ақпан күні 4 "Б" сынып оқушыларымен "Махаббат-өмір тірегі"тақырыбында әңгіме өткізілді.
Әңгіме мақсаты: оқушылардың махаббатс сүйіспеншілік туралы құнды түсініктерін кеңейту; балаларды жақын адамдарға және айналасындағыларға мейірімді және құрметпен қарауды тәрбиелеу.
Әңгіме барысында әркім өз пікірін және осы тақырыпқа деген көзқарасын білдірді. Балалар құндылықтар туралы айтты, ал адамзаттың рухани мәдениетін қалыптастыратын басты мәңгілік құндылық – бұл махаббат. Балаларға деген сүйіспеншілік, жақын адамға деген сүйіспеншілік, табиғатқа деген сүйіспеншілік, Туған жерге деген сүйіспеншілік.
Махаббат дегеніміз-қуаныш сыйлау, қорғау, қамқорлық жасау.
Смагулова Г.