Текст
Күнтізбеде әлі қысқы кезең болғанына қарамастан, көктемгі жылылық сезіліп тұр. "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ аумағында ата-аналар қоғамының қолдауымен қар тазалау жұмыстары жүргізілді. Мектеп аумағынан қар шығарылды, оқу орнына жақын орналасқан жерлер тазартылды. Мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым аудандық мәслихат депутаты Михаил Александрович Токаревке, ата-аналар: Максим Владимирович Панченкоға, Қайрат Кәрімтайұлы Қалиасқаровқа үлкен алғыс білдіреді.