Текст
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ сынып жетекшісі Матрос Екатерина Александровна 7 ақпан күні ZOOM форматында 5 "Б" сынып оқушыларымен әңгіме өткізді. Әңгіме тақырыбы "Мектеп мүлкін сақта". Оқушылармен келесі мәселелер талқыланды:
1. Адам еңбегінің нәтижелеріне, мектеп мүлкіне ұқыптылық таныту, күтіп ұстау.
2. Мектеп қызметкерлерінің еңбегін бағалау және құрметпен қарау.
3. Әр баланың оқулықтар мен кітаптарды сақтау жұмысына қатысуы.
Әңгіме барысында біз адамның ең құнды қасиеті-үнемділік деген қорытындыға келдік. Өйткені, адамдардың жұмысын құрметтеу үнемділіктен басталады.