Текст
7 ақпан күні 3 "В" сыныбында " Ақыл-ойды ұштау ойыны" атты сынып сағаты өтті. Бұл сабақтың мақсаты: ойынның адам өміріндегі маңыздылығын ашу, оқушыларды үстел үстіндегі дамытушы ойындарға тарту, командада жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру, балалардың танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту. Сынып сағатының басында оқушылар арасында "сүйікті ойының туралы айт"тақырыбында сауалнама жүргізілді. Одан әрі "Умники и умницы" зияткерлік викторинасы өткізілді, онда балалар әртүрлі санаттардағы сұрақтарға жауап берді, ребустар, жұмбақтар шешті. Сабақ соңында балалар қызығушылықтары бойынша топтарға бөлініп,лото, дойбы, "мұздағы пингвиндер" және т.б. сияқты үстел ойындарын ойнады.
Рыбинская М. П. бастауыш сынып мұғалімі