Бүгін, 1 наурыз Алғыс айту күні, сондай - ақ 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кәсіподақтың Атбасар филиалының төрайымы Р.Б. Едрисова Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушинамен бірге шеберлігі мен таланты оқу –тәрбие жұмысының тиімділігінің маңызды факторы болып табылатын әйел-педагогтарды құттықтады. Атбасар ауданының педагогтарына білім беру жүйесіндегі адал еңбегі мен кәсіби қызметіндегі қол жеткізген нәтижелері үшін грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы ұйымының Құрмет грамотасымен №1 жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Щербак Александра Николаевна марапатталды. Лайықты марапатпен құттықтаймыз және шығармашылық әлеует, сарқылмас шабыт және жұмыста тамаша табыс тілейміз.