Текст
2022 жылдың 28 ақпанынан бастап ағылшын тілі мұғалімдері "Ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту" тақырыбы бойынша курстардың тыңдаушылары қатарында болды. Бүгін: критериалды, формативті, жиынтық бағалау тақырыбы қарастырылды. Сонымен қатар, бағалауға қатысты оқытуда қолданылатын барлық мәселелер қарастырылып, бекіту үшін өткен тақырып бойынша тапсырмалар орындалды.