Текст
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ аумағында ата-аналар қауымының қатысуымен қар тазалау жұмыстары жүргізілді. Мектеп аумағынан қар шығарылды, оқу орнының жақын бөлігі тазартылды. Мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым аудандық мәслихат депутаты Михаил Александрович Токаревке, сондай-ақ, ата-ана Максим Владимирович Панченкоға үлкен алғыс білдіреді.