«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісті

08.02.2019

Бүгінгі күні мұғалімдер тарапынан сабақтардың  қызықты өтуі, қолжетімді болуы және оған  балалардың қызығушылықтарын арттыру, өз пәнін  үйренуге назарларын удару үшін барлық жағдайлар жасалуда. Заманауи сабақтар мұғалімнен қызықты ақпараттар іздестіру, цифрлық білімдік және әдістемелік ресурстарды қүұру үшін зор дайындықты талап етеді.

Нәтижесінде әр ұстаздың авторлық әзірлемелері, конспектілері, құралдары т.б. қалыптасқан жеке бай жинақтары қалыптасады. Олармен не істеуге болады?

«Ұрлап кетеді деп қорықпа, ешкімге қажет болмай қалар–ау деп қорық» деген халық даналығы біздің педагогикалық тәжірибеміз туралы деп білеміз.  

8 ақпан күні «Атбасар қаласының  №1 орта мектебі» КММ мұғалімдері:

Писклова Светлана Николаевна, бастауыш сынып мұғалімі;

Смагулова Гульнар Каиржановна, бастауыш сынып мұғалімі

Гемальская Юлия Анатольевна, бастауыш сынып мұғалімі;

Утеуова Асем Болатбековна, орыс тілі және әдебиет мұғалімі;

Жеребкова Лариса Викторовна, мектепалдындағы даярлық тәрбиешісі озық педагогикалық тәжірибені жалпылау бойынша өздерінің жұмыстарын ұсынды.

Шара барысында келесі міндеттер іске асырылды:

- жаңа педагогикалық технологиялар, балалармен жұмыс түрлері мен әдістерін пайдалану бойынша тәжірибе алмасу;

- педагогтардың шығармашылық әлеуеттерін дамытуға ықпалдастық ету;

- шығармашылықпен жұмыс жасаушы педагогтарды анықтау және мадақтау;

Аталған шара  педагогтарға пікір алмасу, шығармашылық ойларын ортаға салу, тәжірибе бөлісу, өз талантатрын көрсету мүмкіндігін берді. Әр педагог өзі үшін бір жаңалық ашып, керегін ала білді.

Просмотров: 639


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст