«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хрустальный колос-2019

18.02.2019

«Хрустальный колос-2019» аудандық спартакиадпасы шеңберінде дене тәрбиесі мұғалімдерімен таза ауадағы отбасылық мәрелер өткізілді. 16 ақпан күні №1ОМ спорт алаңқайында  отбасылық мәрелер бойынша жарыстар өтті. Дене тәрбиесі мұғалімдері: Тугова Л.А. и Шпиц - Берг М.Ф. отбасылық командалар үшін алуан түрлі қызықты, қозлыс ойындарынан  құралған  эстафеталарды ойластырды. Қыс қытымыр болса да әрқашан балалар қызығына тоймайтын тамаша жыл мезгілі. Қыстың аязына қарамай далада ойнап, қуаныштан жүздері бал-бұл жанған балалар қысты жақсы көреді! Ең бастысы қимыл-қозғалыс көп болса тоңбайтыны анық. Шана - балалардың ең жақсы көретін көлік түрі, сол себептен көптеген эстафеталар шананы пайдаланып өткізілді.

Отбасылық командалардың мүшелері: «бег на санках», «толкание санок», «попади в цель», «каракатица на санках», «черепашка» деп аталған  түрлі эстафеталарға қызыға қатысты. Ата-аналар барлық  эстафеталарда белсенді болып, балалар батылдық, ептілік, тапқырлық, күш ерік-жігерлерін әбден көрсетті. Ата-аналар да өз балаларына үлгі бола алды. Көрермендер мен жанкүйерлер  қысқы спартакиадаға қатысушылардың бәрін  қызу қоштады. Нәтижесінде :

1-орынды -  Ельниковтер отбасы  (АББ), 

2-орынды – Лисоковскийлер отбасы  (АИК),

3-орынды - Широковтар отбасы (АЭРЗ) иеленді.

Чуприндер, Тойшубековтардың отбасылық ұжымдары  жеңіске құлшыныстары үшін  мадақталды. «Хрустальный колос-2019» Спартакиадасы уақытты пайдалы, жақсы, көңілді өткізумен қатар, жеткіншек ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше ықпал етті. Атап айтқанда, оқушылардың спортқа құлшыныстары артты, бәскелестік рухына тәрбиеледі, денсаулықтарын нығайитты және отбасынгда бір-бірін қолдау біліктерін шыңдады.

 

Просмотров: 589


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст