Текст
2022 жылдың 11 наурызында "Мектеп сүйіспеншілік мекені" пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында "Өзін – өзі тану" пәні мұғалімдерінің "жалпыадамзаттық құндылықтар-рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негізі"атты аудандық семинары өтті. Смағұлова Гүлнар Қайыржанқызы 4 "б" сыныбында "табиғаттың тіршілік күші" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Маркер Любовь Михайловна "Барлығы сенің қолыңда"тақырыбында мастер-класс өткізді. Қорытынды шығару кезінде аудан мектептерінің мұғалімдері оң әсерлерімен және эмоцияларымен бөлісіп, семинарды өткізгендері үшін алғыстарын білдірді.