Қазақстанда 2016 жылдан бері жаңа мереке аталып өтіледі. 1 наурыз –Алғыс айту күні қарсаңында мектепалдындағы сынып тәрбиеленушілері арасында мәнерлеп оқу конкурсы өтті. Конкурсқа қатысушылар жанға жайлы тамаша атмосферадаға ыәсем безендірілген залға жиналды. Әр сыныптан төрт оқушы қатысты. Олардың әрқайсысы өз кезегін ерекше толқыныспен күтті. Іс-шара жүргізушілері 3 «Б» сынып оқушылары Наговицын Ярослав пен Белозёрова Анна жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, конкурстың басталуын жариялады. Бұл шара керемет мерекелік атмосферада өтті. Конкурсқа қатысушылар Ә. Дүйсенбиев, М. Әлімбаев, А. Яшин сынды ақындардың мейірімділік, алғыс, түсіністік туралы өлеңдерін оқыды.
Мәнерлеп оқушылар конкурсына қатысушылардың өнерін құзырлы қазылар алқасы бағалады. Нәтижесінде: Хекоян Мари, Гнедаш Анастасия 0 «В»сынып және Тополева Дарья 0 «Б» сынып оқушылары 1 орынды иеленді. Екінші орынды – Петухова Анастасия, Серебрянский Артём 0 «А» сынып, Пьявка Ева 0 «Б» сынып және Атымтаева Даяна 0 «В» сынып оқушылары өз ара бөлісті. Үшінші орынға - Адамов Нурсултан, Кочетков Владимир, Муканова Айым 0 «Г» сынып, Гильманова Анастасия 0 «А» сынып және Даниярова Даяна 0 «Б» сынып оқушылары лайық деп табылды.
Мектеп оқу ісінің меңгерушісі Л.Г. Бекова конкурсқа қатысқан бүолдіршіндерді жеңістерімен құттықтады және оларға жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі.
Мектепалдындағы сынып тәрбиешісі Т.А.Альбрехт