Текст
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әрқашан біз ардақтап,
Әжемізге бас иеміз!
Сеннен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен.
Құрметті әже, аналар! Деп 6 наурыз күні «Айналайын» шағын орталығында «Асыл анам» атты ертеңгілік өтті. Балалар аналарына арнап өлең, тақпақ жолдарымен ыстық ықыластарын жеткізіп мерекелерімен құттықтады. Қыздар «Балалапан» биін билеп, әже әнін орындап музыкалық аспаптарда ойнады. Ертеңгілік соңында аналарына арнап жасаған сыйлықтарын табыс етті.Аналар өз ықыластарын білдіріп, жақсы көңіл күймен аяқтады.
«Қарлығаш» тобының тәрбиешісі - Дүйсенбі Н