«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әйелсіз бұл әлемде өмір жоқ...!

11.03.2019

Көктем....  Жылдың  шуақ  пен мейірімге  толы мезгілі... 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күнін мерекесінің осы кезде аталуы да осыған байланысты тәрізді., Өйткені жылылық пен мейірім тек әйел затынан десек асыра айтпаймыз. Мектебіміз бұл мерекелік салтанатқа тыңғылықты дайындалды. Мектеп фойесінде оқушылар қолымен жасалған  гүлдер көрмесі, құттықтау ашық хаттары орналастырылды.   

6 наурыз күні мектеп педагогикалық еңбек ардагерлерін құшақ жая қарсы алды. Әсем безендірілген конференц-залда педагогикалық ұжымды, мектеп жұмыскерлерін марапаттау рәсімі өткізілді. АӘД оқытушысы НВП - Бывшев Николай Владимирович, еңбекке баулу мүұғалімі - Шокаков Кадил Кабдешовичтер бастаған ұлдар хоры мерекелік бағдарламаны ашып берді. .  Келдесі кезекте жиналғандар адамзаттың мықты өкілдері-қыздар би ансамблінгіеің орындауындағы «Танец цветов для мамы» керемет биді  тамашалады. Мектеп директоры Татьяна Александровна Чуркина педагогикалық еңбек ардагерлерін, әріптестерін мерекемен құттықтап жылы лебізін білдірді. Оларға майталмен еңбегі, жауапкершілігі мен таланты, шеберлігі мен тәлімі үшін алғыс білдірді. Мектеп мұғалімдері грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.  Педагогикалық еңбек ардагерлері атынан Гопаненко Любовь Васильевна, ата-аналар қауымы атынан қорғаншылық кеңесінің төрайымы Белимова Надежда Владимировна  сөз алып, шын жүректен  игі тілегін білдірді. Музыкалық бағдарламаны қыздар  вокалдық тобы «Пожелания маме» әнімен жалғастырды, шағын орталық тәрбиеленушілері «Әже» әнін орындады. 2 «А» сынып оқушылары   «Танец  джентельменов» биін биледі. 10,11 сынып оқушылары: Анохина Екатерина, Шевченко Валерия, Дегтярева Лолита, Сексенбаева Томиристердің орындауындағы «Анашым» әні жиналғандардың жүрегін жаулап алды. 8-9 сыныптардың оқушылары вальс биледі. Бастауыш сынып мұғалімдері Писклова Светлана Николаевна мен оның қызы 7 «А» сынып оқушысы Писклова Дарьяның орындауындағы  «Ты моя» әні концерттік бағдарламаға қатысышылардың ешқайсысын бей-жай қалдырмады. Мектеп түлектері, 11 сынып оқушыларының орындауындағы «Попурри» керемет тартымды болды. Бұл күні табиғаттың өзі де жайлы  болып, жаны жарқын, жүрегі алтын жандарға күн шуағын аямай септі. Біз барлық жайдарлы жандарды көктем мерекесімен құттықтаудан еш жалықпаймыз!

Просмотров: 596


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст