Текст
Наурыз – мыңдаған жылдар бойы тойланып келе жатқан әсем мереке. Ол жаңару, жасару, қайта түлеу және жаңа жылдың басталуын білдіреді. Наурыз мерекесін тойлайтын басқа халықтар сияқты қазақтар үшін де табиғаттың оянғанын, жаңа өмір циклінің басталуын білдіреді, жақсы өмірге деген үмітті, айналадағы адамдармен және отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынас көрінісі. 2009 жылдан бастап Наурыз мейрамы адамзаттың материалдық емес мұрасының маңызды элементі ретінде ЮНЕСКО-ның репрезентативті тізіміне енгізілді. Қарар жобасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында қаралды. Наурыз ресми түрде халықаралық мереке деп танылды.