Көктем–жаңару мен жаңғыру, көктеу мен гүлдену мерзімі. Табиғат оянып, айналаның бәрі табиғи сұлулық бояуына малынатын, армандар, жаңа күш-қуат, үміт пен сенім күтетін ерекше уақыт. Көктемнің көрікті бояуына, ашық аспанға, жарқыраған күн көзіне, ерекше нұрланған табиғатқа сүйсінбеске болмайды. Бұл мезгілге барлық тіршілік мәз-мейрам болып, шаттанады, жаңалық пен жақсылық, жаңару күтеді. Дәл осы мезгілде ежелгі мейрам – Наурыз мерекесі тойланады. «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы № 1 орта мектебі» КММ де керемет мейрамға арналған салтанатты жиын өтті. Шара жүргізушілері - Амренов Руслан мен Сексенбаева Томирис құрметті педагогтарды, оқушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Оқушылар «Наурыз – жыл басы» атты ойын – викторина өткізді. Көктемгі ұлттық киімдегі «Аружан» би ансамблі сахнада мың бұрала би биледі. Мектеп директоры Чуркина Татьяна Александровна әріптестері мен оқушыларды көктемнің тамаша мерекесі Наурыз – мейрамымен құттықтады. Сонымен қатар, Татьяна Александровна оқушыларға көктемгі демалыс уақытында қауіпсіздік техникасын сақтау керектігін ескертті. Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Исина Гүлназ Рысбаевна жиналғандарға игі тілегін білдірді. Салтанатты жиын соңында «Ұлыстың Ұлы күні» атты бейне ролик оқушылар назарына ұсынылды. Бүгін Наурыз әр қазақстандықтың шаңырағына келді. Орыстар құймақтарын пісіреді, жылы жақтан құстар ұшып келеді, «Жаворонки» мейрамы аталып өтіледі. Қазақстан жастары үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді, адамдар бірі-бірімен құшақтасып, игі тілектерін айтады, кешірім сұрап, көңіл біліседі, бір-біріне қонаққа барып, қонақ күтеді, бір-біріне сыйлықтар табыстайды. Наурызды барлық ұлттар менг ұлыстар: украиндар мен немістер, поляктар мен еврейлер, немцы, поляки и евреи, татарлар мен балкарлар, т.б. тойлайды! Өйткені Ұлыстың Ұлы күні мейірім мен сүйіспеншілік, сыйластық пен достық, бейбітшілік пен тыныштық нышаны. Наурызбен, көктемнің жылы лебізімен қатар елімізге, әр шаңыраққа денсаулық, ынтымақ, бейбітшілік, келісім келіп орнасын және мәңгілік болсын!