Текст
Наурыз мейрамы – табиғаттың жаңару, бейбітшілік пен келісім мерекесі. Наурыз мейрамын тойлау арқылы біз жас ұрпақты қазақ халқының төл, қайталанбас мәдениетінің ұлы құндылықтарымен таныстыра отырып, сан ғасырлық тарихтың қайталанбас қабатына тереңдей түсеміз. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтар үшін Наурыз сан ғасырлар бойы бірлік пен достықтың символына айналды. Көктемнің жарқын мерекесі әр шаңыраққа денсаулық, бейбітшілік пен береке әкелсін!
Бекова Л.Г., Атбасар қаласы No1 ЖББМ директоры