«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жоспарлы педагогикалық кеңес

04.04.2019

2019 жылдың 3 сәуірі күні № 1 ОМ жұмыс жоспарына сәйкес: «Қазақстандық патриотизмды қалыптастыру –мектептегі   оқу-тәрбиелеу жүйесінің басты аспектілерінің бірі» тақырыбындағы педагогикалық кеңес өткізілді .  Мектеп оқу ісінің меңгерушісі Бекова Любовь Герихановна педагогтарды педкеңестің күн тәртібімен таныстырды. Педкеңес : «Біз  жеткіншек ұрпақты:  «Қазақстан –менің Отаным, ол мен үшін қаншалықты жауапты болса, мен де ол үшін  соналықты жауапкершілікте боламын» деген қарапайым, әрі ауқымды ой  әр заматтың ойы мен жүрегінде бала кезден бастап ұялайтындай етіп тәрбиелеуіміз керек» деген сөздермен басталды. 
Бірінші мәселе бойынша  4 «В» сын. сынып жетекшісі  Писклова Светлана Николаевна мастер-класс өткізді. Ол кіші мектеп оқушыларының бойында қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған өзінің жұмысын демонстрациялады. Мастер-классты  педагог  топпен жұмыс  арқылы «Взгляд в себя» іскери ойыны  түрінде өткізді.  Әріптестер оған белсенді қатысып, кәсіби шеберліктерін көрсетті.  Осы қызмет түрін 6 «Б» сын. сынып жетекшісі  Бакиянова Күнсұлу Куандыковна жалғастырды, ол Отанға, туған  өлкеге   сүйіспеншілік отбасында қалыптасатынын көрсетті. Өйткені тек ата-ана ғана балалардың бойында шынайы патриотизмді оята алады.  Мастер-классқа қатысушылар ұсынылған сәттерді, одан шығу жолдарын талдады, қорытынды шығарды. Мастер-класс жұмысын   9 «Б» сын. сынып жетекшісі Даржанова Алтынай Отузбаевна жалғастырды, ол жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін  жұмыс  түрлерін көрсетіп, тәжірибесін ортаға салды.  Топпен жұмыс жасай отырып мұғалімдер ұсынылған сәттерді   комментарийледі, орын алған  проблемалардан толерантті шығу шешімдерін тапты. 
Педагогкалық кеңес жұмысы мектептің 2019 жылғы жазғы кезеңдегі жұмыс жоспарын бекітумен  жалғасты. Жазғы демалысты ұйымдасытру мәселесі бойынша мектеп тәлімгері Нургалиева Кристина Сергеевна сөз алды.  Даржанова Алтынай Отузбаевна әріптестерін «Мектеп ауласы» бағдарламасымен таныстырды. Бұл бағдарлама  білім алушыларды  эстетикалық тәрбие беру, еңбек сүйгіштікке баулу,  қарым  –қатынас мәдениетіне тәрбиелеуге бағытталған. Жазғы демалыс кезінде дарынды балалармен жұмыс жасайтын «Мектеп Одиссеясы»  жұмысымен  Батченко Ольга Николаевна таныстырды. Кіші мектеп оқушыларының арасындағы аудандық  олимпиаданың пәндер бойынша нәтижесі туралы  бастауыш сыныптар  оқу ісінің меңгерушісі Позднякова Татьяна Викторовна сөйледі. Директордың оқу ісі бойынша орынбасары  Бекова Любовь Герихановна  3- ші тоқсан қорытындысы, оқушылардың білім сапасы туралды ақпараттарды  жиналғандар назарына ұсынды. Ол ҰБТ нәтижесіне ерекше назар аударды.  Мектеп  директоры Чуркина Татьяна Александровна педагогикалық кеңес  жұмысын қорытындылады. Атқарылған жұмыстар бойынша  әріптестерді марапаттау  сәті салтанатты түрде өткізілді. Алдағы күндердегі  жұмыс жоспары көзделді.  

 

 

Утеуова А.Б.

Просмотров: 562


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст