2022 жылдың 5 сәуірінде «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 орта мектебі» КММ-де жалпы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің салтанатты ашылуы өтті. 7-8 сынып оқушылары арасында пәндер өткізілді. Олимпиаданы ұйымдастырушы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» орталығы еліміздегі дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және кәсіби қолдау көрсету саласындағы басты көшбасшы болып табылады. Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. оқушыларға тапсырмаларды сәтті орындаңдар деп игі тілегін білдірді , бас маман Исаейтова А.Т. қатысушыларды олимпиаданың брифингімен таныстырды. Бұл олимпиадада Атбасар қаласы мектептерінің 7-8-сыныптарындағы мықты оқушылар математика-физика, информатика, химия, биология сынды пәндер бойынша күрделі есептерді шығаруда бақтарын сынамақ. Олимпиаданың әрбір қатысушысына жоғары жетістіктер мен жеңістер тілейміз!