2019 жылдың 21 маусымы күні Атбасар, Сандыктау аудандары мен Шаңтөбе поселкесі орта мектептерінің түлектері білімдік гранттар иелену бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Тестілеудің екі жиынтықты құрылымы 3 міндетті пәнді қарастырды, оның барысында түлектерге математикалық логикасын, негізгі математикалық амалдарды орындау, математикалық түсініктер мен санаттарды білу , мәтінді оқу және түсіне білу, оны өздігінше интерпретациялай алу, не туралы айтылғанын ойлау, Қазақстанның қалыптасуымен байланысты оқиғалар мен тарихи үдерістерді білетіндіктерін дәлелдеуге және таңдалған мамандығына сәйкес, бұларсыз түлектердің қалаған жоғары оқу орнына түсуі мүмкін емес болатын, 2 бейіндік пәнге жауап беру керек болды. Жоғары сынып оқушысына пәнді игерудің екі деңгейінде өзіне ұсынылған бес нұсқа мен бірнеше позициядан біреуін, әрі дұрысын тауып, өз білімін көрсетуі тиіс болды. Сөйтіп, тестіленуші білімінің тереңдігі, салыстыра білу, сараптау, қорытыныды жасай білу білігі тексерілді.
Бекова Л.Г.