№1орта мектебінің оқушылары жылда мектеп маңайын абаттандырумен айналысады. Балалар жазда да оқуларын жалғастырады, тек тәжірибе жүзінде. Мектептегі уақытта олар барлық нәрсені теориялық тұрғадан үйренсе, енді осы білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырып, гүлдерді дұрыс отырғызу, күтумен айналысады. Қандай өсімдік суды ұнатады, қайсысы көп суды қажетсінбейтінін естеріне түсіреді. Өсімдіктердің қайсысы күн көзін ұнатады, қайсысы көлеңкені жақсы көретінін де біледі. Сонымен қатар, қай өсімдік биік, қайсысы аласа болып өсетінін өз көздерімен көреді. Какие растения тенелюбивые, какие растут только на солнце. Сөйтіп балалар алдын ала бекітілген кестеге сәйкес мектеп маңайын абаттандырумен айналысып, өз уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізеді. Бірлескен жұмыстарымыздың арқасында мектебіміздің маңайы сан алуан гүлге оранып, жұпар иісімен жанды нұрға бөлейді.
Ларионова Т.В.