Қазіргі әлемдегі өмір бізден және біздің балаларымыздан тұрақты дамуды талап етеді. Бұл ретте мектеп әкімшілігі және №1 орта мектептің мұғалімдері ұйымдастырған лингвистикалық маусымы бізге көмектеседі. Лингвистикалық маусым жазда қазақ тілін үйренудің ең тиімді әдісі болып табылады. Мұнда олар салыстыруға, логикалық тұрғыдан ойлауға, өз пікірлерін қорғауға, қателіктерін мойындауға, нақты және мазмұнды ауызша және жазбаша сөз байлығын алуға тырысады. Балалар сабақтарды қызығушылықпен қатысады. Бүгінгі сабақта балалар қазақтың халық аспаптары домбырасы туралы көптеген қызықты нәрселерді біліп, «Ақсақ құлан» мультфильмін тамашалады, содан кейін әрбір кіші топ суреттер түрінде плакат жасады. «Қызықты грамматика», «Ұйқасын тап» ойынын өткізді. Бұл өте көңілді және қызықты өтті.