Текст
"№1 жалпы білім беретін мектеп" КММ кітапханашысы Д.А. Конурбаева 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған фотокөрме ұйымдастырды. 1 мамыр-150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдегі бейбіт өмір үшін аса қажетті достық, түсіністік пен келісім, қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштық мерекесі. Қазақстанның үлкен отбасында қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, немістер, кәрістер, ұйғырлар, қырғыздар, қытайлар, еврейлер, армяндар, грузиндер және тағы басқалар тату тәтті өмір сүруде. Әр халық һзінше бірегей, бірақ Қазақстан аумағында олар бірге – біртұтас тату халық.