«Балапан» мектеп алаңының балалар тобы бір-бірімен амандасып, таңертеңгілік жаттығулар жасап болған соң , «Олимп» спорттық-сауықтыру кешеніне аттанды. Мұнда оларды «Күн, ауа және су - біздің жақсы достарымыз» сауықтыру бағдарламасы күтіп алды.Тәрбиешілері К.Мақажанова мен Т Альбрехт «Судағы жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбында қауіпсіздік техникасы бойынша брифинг өткізді. Бірқатар міндетті шараларды аяқтағаннан кейін, балалар және нұсқаушы суда жаттығулар жасау үшін жолға шықты. Тыныс алу жаттығулары «Кішкентай кит», аяқ-қол күштеріне арналған жаттығулар «Октопус», судағы демалу «Ақ медуза» жаттығуларын балалар үлкен қызығушылықпен орындады.Көңілді, жағымды эмоцияларға толы балалар достарымен қайта кездесуге дайындалуға аттанды.
Т. Альбрехт