Қазақстан халқы Ассемблеясының «Қазақтану» жобасы аясында, түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді білуге арналған «Қазақшаңыз қалай?» облыстық байқауы наурыз айында қашықтықтан өткізілді. Байқаудың шарты бойынша мемлекеттік тілді меңгерген басқа ұлт өкілдері өз қалаулары бойынша бір салт-дәстүрді көрсететін бейне материал жолдау керек. Осы байқауға мектебіміздің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Камис Мейрамгуль 4 «А» сынып оқушыларымен өтінім білдіріп, «Тұсау кесер» дәстүрін көрсетіп, бейне материал дайындап, байқауға қатысты. 4 «А» сынып оқушылары Фролов Дмитрий, Потерба Ксения, Тыщенко Ангелина, Горбунова Мария, Кривицкий Александр «Тұсау кесер» дәстүрін қазақ тілінде өте шебер сахналап, өздерінің қазақ тілін жақсы меңгергендерін көрсете білді. Нәтижесінде «Қазақшаңыз қалай?» байқауында ІІІ орынға ие болды. Сәуірдің 30 күні мұғалім Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде өткен марапаттауға барып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Алдағы уақытта оқушыларымызға шығармашылық табыстар,биік белестер, тілейміз.