Жаз-керемет кезең! Сабақтардан қол босап, бойға күш жинайтын керемет әсерлерге бөленетін және жақсы көңіл күйде жүретін уақыт. Аулалық клубтың жұмысы кезінде балалар спорттық- танымдық шараларға, «Стритбол», «Перестрелка», «Веселым старты», «Дартс» ойындары, үстел үстіндегі теннистен достық кездесуге қатысты. «Тоғыз құмалақ », шахмат және дойбы бойынша оқыту ойындары өткізілді. «Олимп» денешынықтыру-сауықтыру кешеніндегі бассейнге бару балаларға қатты ұнады. Балалар онда суға малтып үйренумен қатар, ағзаларын шынықтырды.малту сабақтары тәртіпке баулиды, табандылықты, батылдықты, сенімділікті, ерік-жігерді нығайтады. Таза ауада ойындар өткізілген ойындар да жоғары деңгейде болды, балалар шымырланып, шынығумен қатар, көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Жазды жарқын әрі көңілді өткізу үшін біз барлық мүмкіндікті жасадық. Біздің мектептің мұғалімдері бұл жұмыста ең бастысы өз ара түсіністік, жақсы көңіл –күй –табыс көзі екені белгілі.
Шпиц-Берг М.Ф.