Текст
2019 жылғы 30 маусым «Прометей» аулалық клубындағы балалар үшін естен кетпес күн болды. «Лакомка» балалар сауық орталығына саяхатқа барған балалар лабиринттерді аралап, әр түрлі ұсақ доптардан құралған басеейн түріндегі ойынмен бірге түрлі танымдық ойындарды ойнады, балалардың шаттық күлкісі мен мәре –сәре болған дауыстары шаттық атмосферасын орнатты. Балалар ой-өрістері,шығармашылықтары мен қиялдарына ерік берді. Саяхат қызықты, тартымды әрі танымды болды. Балаларға бұндай саяхаттар ұнайды, оның әрдайым асыға күтеді. Саяхат соңында «саяхат ұнады ма?» деген сұраққа сөз жоқ: «Иә, біздің тағы да келгіміз келеді» деп жауап береді.
Шпиц-Берг Марина Фёдоровна