Кез келген адамның жеке басының қасиеттері оның қоршаған ортада өзін-өзі қалай ұстағанынан, басқалармен қарым қатынас жасауынан, мәдениет деңгейінен, әдеп-қылықтарынан, сауаттылығынан, білімінен байқалады
Осы жақсы қасиеттерді игеру үшін және оқушылардың жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін №1 мектепте қазақ тілінен лингвистикалық алаңы ұйымдастырылды. Шілденің 30-нан бастап төртінші маусымы басталды.
«Қазақ тілі» лингвистикалық алаңының мақсат-міндеттері:
✅ Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын көтеру;
✅ Қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктерін ұғындырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу;
✅ Қазақ тілінен алған білімдерін тереңдету, теорияны практикада пайдалана алу дағдыларын дамыту;
✅ Шығармашылық қабілеттерінің ашылуына көмек беру;
✅ Жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалануға жағдай жасау.
Демалыс кезінде мектептен алған білімдерін ұмытып қалмауға жәрдем жасау;
Әрбір баланың шығармашылық, қызығушылық, белсенділігін дамыту;
Мұражай және т.б. демалыс орындарына саяхат жасау арқылы, Отанға, табиғатқа, рухани –адамгершілік құндылықтарды игере білуге жағдай жасау;
Күтілетін нәтиже:
✅ Баланың жазғы демалыс кезінде сабақтан тыс материалдарды қолданылады;
✅ Жаңаша көңілмен демалады, өзіне күш жігер жинап, білімін арттырады;
✅ Басқа да балалармен қарым – қатынас жасайды, сыни ойлау қабілеті дамиды, жаңаша ақпаратпен толықтыруына жағдай жасалады.
Қош келдіңіздер, балалар!
Қайрбекова К.Д.