Мектеп оқушыларының жазғы уақытта мектеп учаскесіндегі тәжірибелері балаларды тәрбиелеуде маңызды орын алады. Бұл уақытта мектеп оқушылары агротехникалық әдістерді қолдана отырып, гүлдері өсіру, оларды күтіп-бағу бойынша биологиялық және ауылшаруашылық саласындағы теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану үшін ұсынылатын шынайы мүмкіндік. Архитектуралық құрылғыларды балалар өз қолдарымен жасайды. Мектеп учаскесінде жұмыс жасай отырып, өз еңбектерінің нәтижесін көру үшін балалар жазғы маусымда сынып жетекшілерінің бастауымен мектеп маңайын абаттандыру бойынша жұмыстарды қызыға атқарады. 5 тамыздан 16 тамызға дейін осы жұмыстарды 5 «В» және 6 «Б» сыныптарының оқушылары атқарды (жет. Кайрбекова К.Д., Камисс М.). Мектеп аумағын тазалық пен тәртіпте ұстау үшін көптеген құлшыныс, ерінбей еңбек ету керек. Бұл жерде балалар тайсалмайды, өйткені мектеп маңайының көрікті болуы өздерінің қолында екенін олар жақсы түсінеді.