09.08.2019
Шағын орталығы «Айналайын» 9 тамыз күні «Бағдаршам - біздің досымыз!" - жол ережесін сақтауға арналған ойын-сауық өткізілді. Тәрбиеші балаларға жол ережелері, бағдаршам туралы түсінік берді. Сюжеттік рөлдік ойынын жүргізіп, жолдағы қауіп –қатерден қорғану шараларын көрсетті. Балалар қойған сұрақтарға, жасырған жұмбақтарға барлығын жамырай, жарыса жауап беру арқылы өз білімдерін көрсетті. Көлік түрлері жөнінде әңгімелер айтып, жолда жүру ережесіне арналған тақпақтарын жатқа оқыды. Бағдаршамның қызыл, сары, жасыл түстері жанған кездегі адамның әрекеттерін іс жүзінде көрсетіп, ережені бұзған баланың өміріне келер қауіп жөнінде тәрбиеші әңгімелеп берді. Көшені кесіп, жүгірмей өтуге үйренген бүлдіршіндер арнайы жол белгілері жайында танымдарын кеңейтті «Қауіпсіздіктің маңызды талаптарын сақтаңыз!» деген сөздер ұран ретінде айтылды. Іс-шара барысында келесі ойындар өткізілді: «Сиқырлы таяқша», «Жол белгілері», «Бағдаршамды жина». Ойын арқылы балалар жолда жүру ережелерін үйренді. Іс-шараға балалар белсене қатысты. Балалардың көңіл күйлері көтеріңкі,әрі көңілді болды. Іс шара өз мақсатына жетті.
Тәрбиеші:Жакупова А. А.