11.08.2019
10 тамыз күні Атбасар қ. орталық алаңында Халықаралық жастар күніне арналған мәдени-көпшілік және танымдық шаралар өткізілді. Бұл мерекеге №1ОМ оқушылары да ат салысты. 5 «В» сынып оқушылары: Паначев Никита, Султантемир Мейірхан, Кочетков Максим мен Лысенко Виктория асфальт бетіне салған суреттерін «Бәрі біздің қолымызда!- «Все в наших руках!» деп атады. №1 ОМ ұжымы қаланың орталық алаңында өткен халықтық сауыққа қатысып, мерекелік концертті тамашалады. Мерекелік шаралар салтанатты от шашумен аяқталды. Жастар күнімен, Атбасар!