13.08.2019
Шағын орталығы «Айналайын» 13 тамыз күні «Табиғат аясындағы қауіпсіздік» атты іс шара өткізілді.
Тәрбиеші орман-тоғайда, суда қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы әңгімеледі. Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек екенін түсіндірді. Ескертпелер және бүклеттер таратылды.
Әр топтың балалары белсене қатысып, өздерінің білімдерін көрсете білді.
Балалар серуенде жүргенде үлкендерден алыс кетпеу, отпен ойнамау, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді теріп жемеу, жәндіктерден сақтану керектігін, табиғат аясында тыныштық сақтауды жақсы біледі.«Бейнесурет» сайысында, топтарға байланысты суреттер берілді, олар оның қандай мағынаны білдіретіндігін және не үшін қойылатындығын ұшқыр оймен жеткізді . Соның нәтижесінде балалар берілген тақырып көлемінде: бақылау, салыстыру, өзгерісті байқау, қарапайым шығармашылық тапсырмаларды орындау, өзінің эмоциялық қалпын өзгерту, қоршаған ортамен қарым- қатынас орнату сияқты дағдыларды меңгерді. Әр түрлі қызықты ойындар ойнатылды «Жаман, жақсы ». «Қайсысы қайда тіршілік етеді». «Жер,су,ауа». «Экологиялық пирамида» Ойынға балалар қызығушылықпен қатысты.
Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беріп, өз ойларын еркін жеткізе білген балалар, керемет әсер алды. Іс-шара мейірімді, қызықты өтті.