«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Менің өлкемнің тарихы" мұражайына танымдық экскурсия

13.05.2022

12 мамырда 3 "В" сынып оқушыларымен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес Атбасар қаласының өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: балалардың туған өлкенің тарихы мен табиғаты туралы білімдерін кеңейту, қазақ халқының және басқа да этностардың мәдениетін құрметтеуге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Экскурсия барысында оқушылар туған даланың өсімдіктер және жануарлар әлемімен танысты.  Жануарлар мен өсімдіктердің үлгілері бар диорамалар ерекше қызығушылық тудырды. Сондай-ақ, балалар қаланың тарихы, оның пайда болуы туралы көптеген қызықты мағлұматтар алды. Экскурсия жетекшісі қаламыздың дамуына ерекше үлес қосқан адамдар, соғыс және еңбек батырлары туралы айтып берді. Сондай-ақ балалар Атбасар ауданының аумағында өмір сүрген ежелгі жануарлардың сүйектерін көрді, алғашқы адамдардың өмірімен танысты. Балаларды қазақ және орыс халықтарының өткен замандағы тұрмыстық заттары, көне әшекейлер, ыдыс-аяқ, ақшалай банкноттар, құжаттар таң қалдырды. Экскурсия өте танымды, қызықты өтті, балалардың жағымды эмоцияларын тудырды.

Бастауыш сынып мұғалімі Рыбинская М. П.

Просмотров: 521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст