Текст
15 тамыз 2019 ж. Көкшетау қаласында «Алтын Қазына» облыстық қолданбалы өнер конкурсы өткізілді. конкурсқа барлығы 84 адам қатысты. Бұл конкурс білім алушыларды адамгершілік-рухани және мәдени құндылықтарға жұмылдыру, олардың шығармашылық, көркемдік қабілеттерін дамытуға барлық жағдай жасау мақсатын көздеді. «Алтын Қазына» конкурсына Атбасар қ., №1 ОМ 7 «А» сынып оқушысы Писклова Дарья қатысты. Ол үйірме жетекшісі Акулова Наталья Борисовнамен бірлесіп айқастыра тоқу тәсілімен орындалған өз жұмыстарын ұсынды. Олар сертификатпен марапатталды. Келешекте жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!