Алдағы референдум қарсаңында, 18 мамыр күні Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары К. О. Қуатбековпен, Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Н. Г. Наймушинамен кездесті.
Мектеп директоры Л.Г.Бекова алдағы референдум, республика азаматтарын күтіп тұрған Конституциялық реформа туралы түсінік берді. 5 маусым күні Конституцияға түзетулер жобасы бойынша референдум өтеді. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қатынастардың оңтайлы тепе-теңдігін қалыптастырады. Саяси бәсекелестікті арттыру,барлық саяси партиялардың дамуы үшін тең жағдайлар жасау, шешімдер қабылдау кезінде дербестік пен риясыздық маңызды конституциялық түзетулердің бірі болады. Демек, еліміздің әрбір азаматының мемлекетіміздің одан әрі дамуы үшін дұрыс таңдау жасауы парызы.