Текст
2022 жылдың 20 мамырында "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ бастауыш сыныптарда онлайн форматта 2021-2022 оқу жылының қорытындысын шығару, ата-аналарды оқу қызметінің табыстары мен қиындықтарымен таныстыру, білім сапасын арттыру қажеттілігі туралы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Келесі мәселе бойынша сынып жетекшілері жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік техникасы туралы еске салды. Ата-аналарға қала жолдары мен көшелерінде, табиғатта, су қоймаларының жанында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы балалармен жүйелі түрде әңгімелесуді ұсынды. Балалар денсаулығы-біздің болашағымыздың негізі!