01.09.2019
1 қыркүйек – Білім күні! Бұл-кітаптар, оқулықтар, құшақ-құшақ гүлдер, достар, күлімсіреген жылы жүздер, жарқыраған шуақ мейрамы! Біздің мектебіміздің есігі жаңа оқу жылы қарсаңында тағы да бір рет айқара ашылды! Биылғы оқу жылында мектеп сексенінші рет өз оқушыларын жылы құшағына алуда. Демек, мектебімізге биыл 80 жыл! Дәстүр бойынша 1 қыркүйек күні Білім күінен арналған салтанатты жиын өткізіледі.
Жаз бойы дем алған, шыныққан, шымырланған, бойлары өсіп, ақылдары толысқан барлық оқушылар білім ордасына қайта оралып, мектеп ауласын жандандырып жіберді. Олар өз сыныптастарымен, сынып жетекшілерімен және сүйікті ұсаздарымен қуана қауышып, мәре-сәре болуда.
Сән-салтанатпен киінген, құшақтары гүлге толған, жүздері бал-бұл жанған мектеп оқушылары мектап ауласына толды. Музыка ойнап, барлық сыныптар мектеп ауласында сапқа тұрды. Қазақстан Республикасы Әнұраны орындалып, оқушыларды бойында патриотизм мен еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін қозғады.салтанатты жиынға қатысқан құрметті қонақтар: «Ақмола облысының Управление архитектура және қалалық құрылыс басқармасы» басшысы Владимир Куртьевич Фелбелт, Атбасар қаласы әкімінің орынбасары Людмила Васильевна Марунич, Атбасар ауданы білім бөлімінің балалар құқығын қорғау бойынша әдіскері Елена Викторовна Завьяловалар: «білім – әр адамның болашағы үшін маңызды, демек, еліміздің болашағы үшін аса қажет екенін әр бала біледі. Сондықтан да балалық шағын, мектеп өмірін аңсаған әр адам осы Білім мен Балалық мерекесін асыға күтеді» деп жүрек жарды тілектерін, жақсы ойларын білдірді, балаларға оқуда табыс, шығармашылық идеялар, қызықты жаңалықтар мен естен кетпес оқиғалар тіледі. Мектеп директоры Бекова Любовь Герихановна оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай келіп, білім алу қиын бірақ, аса қызықты еңбек екенін атап өтті, жаңа оқу жылы қызықты, нәтижелі болып, мектебіміздің жетістіктер жинағын толықтыра берсін. Денсаулық, жетістік, шығармашылық тыныс табысты жұмыстарға қанаттандырсын деген тілегін білдірді.
Директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ольга Николаевна Батченко жиналғандарды оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстырды. Келесі кезекте мектеп табалдырығын тұңғыш аттап отырған бірінші сынып оқушылары өздерінің өлең – тілектерін оқыды. Кешегі кішкентай сәбилердің бүгінгі күні үш тілде сайрап тұрғаны қуантады, бұл- білімді адам үшін аса маңызды. Осыдан кейін 11 сынып оқушылары сөз алды. Олар бірінші сынып оқушыларына жақсы оқып, тәртіпті, өнегелі болыңдар деген тілек білдірді. Міне, алғашқы қоңырау соғатын кез де келді. Биылғы жылы оны соғу құқығы 11 сынып оқушысы Амренов Руслан мен бірінші сынып оқушысы Дронь Анастасияға бұйырды. Сыңғырлаған қоңырау дауысы қызық пен шаттыққа қызықты оқиғаларға толы естен кетпес мектеп өмірінің басталғанын жариялады. Балалардың бәрі өз сыныптарына, «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбындағы алғашқы сабаққа асықты.
1 қыркүйек мерекесі - қуаныш пен толқынысқа толы, естен кетпес мереке. Оқушыларға, мұғалімдерге тек 1 қыркүйек қана емес, мектепте өткен әр күндеріңіз шаттыққа толы болсын дегеміз келеді.