05.09.2019
Жылда 5 қыркүйек күні біздің елімізде қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні аталып өтіледі. 7-ші сынып оқушылары мектеп мұғалімдер мен оқушыларын «тірі дәліз» арқылы қарсы алды. Конференц-залда шараның салтанатты ашылуы өтті. «Аружан» би тобы тамаша билерін орындадп, шараны ашып берді. Мектеп директоры Бекова Любовь Герихановна жиналғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Оқушылар назарына қазақ лингвистикасының негізін қалаушы А.Байтұрсынов туралы бейнеролик ұсынылды. Жиналғандар апталық жоспарымен таныстырылды. Балалар туған тілдің сұлулығы, халықтар достығы, бірлігі туралы әр түрлі тілде өлеңдер оқыды. Еліміздің татулығы мен бірлігін паш ететін «Казахстан-наш общий дом!» әні орындалды . Бұл әр түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіретін, әр халықтың тіліне, мәдениетіне, салт-дәстүріне құрмет, сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін керемет мереке.
Утеуова А.Б.