Егер денсаулық болмаса, бақыт та жоқ екенін әр адам біледі. Денің сау кезде бәрі әрдайым осылай болатындай көрінеді... 2 - 6 қыркүйек күндері біздің мекетбімізде Денсаулық апталығы шеңберінде салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған әр түрлі шаралар өткізілуде. «Денсаулық–ең басты байлық және оны сақтау керек» деген айдармен - денсаулық апталығы өтуде. Бастауыш сыныптардың оқушылары да бұл шаралардан тыс қалған жоқ. Олар суреттер, қабырға газеттерінің конкурстатына қатысты. 5 – 6 сын.оқушылары қозғалмалы ойындарға, көңілді мәрелерге, 7 – 8 сын. оқушылары: баскетбол, 9-11сын.оқушылары кросс жүгіру спорттық ойындарына қатысты. «№1 орта мектебі» КММ оқушылары үшін әр күн таңертеңгілік жаттығулардан басталады. Барлық оқушыларға денсаулықтарыңызды күнделікті сақтап, нығайта беріңіздер дегіміз келеді!