Текст
Кітап – білім және даналық көзі. Ол жаңаны білудегі, тылсымды танудағы біздің ең бірінші көмекшіміз. Жеткіншек ұрпақты кітап оқуға деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында мектеп кітапханашысы Динара Айтбаева Конурбаева тамаша, қызықты әрі тартымды кітап көрмелерін жиі ұйымдастырады. Бұл көрмелер танымдық сипатта ғана болып қоймай, сұлулыққа, әсемдік мен мейірімділікке жетелейді. Сөйтіп, Тілдер апталығы шеңберінде кітапханаға келушілерді тілдердің көркемдігімен және оларды үйрену маңыздылығын ашып суреттейтін керемет баспа құралдары орналастырылған «Тіл – ел байлығы» атты тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды.