27.05.22 "Ақмола облысы бойынша білім басқармасы Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ мектеп бағдарламасындағы олқылықтарды жоюға, химия бойынша бар білімдерін жүйелеуге, сондай-ақ химиялық ойлауды дамытуға бағытталған жазғы мектеп өтуде. 7-8 сыныптардағы Сабақтың тақырыбы: "Химиядан дамытушы тапсырмалар" бұл сабақта оқушылар әртүрлі тапсырмалармен,соның ішінде олимпиадалық сипаттағы тапсырмалармен танысуға, химиялық жұмбақтар, шарадалар, ребустар шешуге мүмкіндік алды. 10 сынып оқушылары " химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдік константасы". Тапсырмалар ең алдымен ойлауға, талдауға, мәселені дербес шешуге, жағдайларды модельдеуге арналған. Барлық жоспарланған сабақтар жүзеге асырылды. Оқушылар ұсынған жұмыс түрлері оң пікірлер тудырды.
Каримова К. Е химия пәнінің мұғалімі