«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын зерделеу

09.09.2019
№1 орта мектебінің педагогикалық ұжымы  Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2019 жылдығ 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдаған: «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» Жолдауын зерделеді. Тарих мұғалімі    Кусаинов М.Ж   еліміздің алдағы уақытта даму жолында  парламентарийлер, атқару органдары, жалпы қоғамның  негізгі  мақсат-міндеттері айқын көрсетілген, ішкі және сыртқы саясаттың басты бағыттарына тоқталды. 
Біздің ұжым үшін Президенттің : Ендігі жылы бәріміз  қазақ елініңі ұлылары: әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз» деген сөздері аса маңызды. Өйткені, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеу біздің міндетіміз.Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады.Әл-Фараби мен Ұлы  Абайдың  идеяларын жастар санасына жеткізу педагогтар үшін қажеттілік.
Жолдауда  айқындалған мақсат-міндеттердің бәрі ел азаматтарына деген қамқорлыққа бағытталған. Тұрғын үй құрылысы, жөндеу, медициналық қызмет пен сақтандыру, зейнетақымен қамту, әлеуметтік әлжуаз тұрғындар мен балаларды  қорғау  тәрізді көптеген мәселелер біздің әрқайсымызға қатысты.  Ел  Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы   — әр қазақстандық үшін маңызды оқиға.  Әрбір Жолдау — елімізді жаңаша дамытуға, алдыңғы құжатта  айқындалған  міндеттерді орындауға  бастайтын  нық қадам. Оның ішіндегі  ең бастысы — әлемдегі ең мықты дамыған елдердің қатарына ену.
 
Щербак А.Н.
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 539


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст