Текст
2022 жылдың 31 мамырында «Атбасар қаласының №1 орта мектебі, Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» КММ-де 9-сыныпта алгебра пәнінен емтихан тапсырылды. Қорытынды аттестацияға 59 оқушы қатысты. Тапсырма салынған конвертті сағат 8:45-те білім бөлімінің әдіскері Едрисова Р.Б. мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың алдында ашты. Оқушыларды білім бөлімінің әдіскері Р.Б.Идрисова, мектеп директоры Бекова Л.Г құттықтады. Емтихан тапсыруда сәттілік, жақсы нәтижелер тіледі.