«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас патриот ұрпақтар Президент саясатын қолдайды

11.09.2019

Жастық – сөз жоқ  көп үміт беретін, арманға жетелейтін, куш-қуатқа толы керемет өмір таңы. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу - оларды өз Отандарының тарихын қалыптастыру үдерісіне белсенді атсалысуға жұмылдыру деген сөз. Сондықтан да «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ кітапханашысы Конурбаева Динара Айтбаевна 8-10 сынып оқушыларымен Президент Қасым-Жомарт Токаевтың Қазақстан халқына Жолдауын зерделеу бойынша ақпараттық сағат өткізді. Оқушылар тарихи құжатты, оның басымдық бағыттарын, елдің алдындағы міндеттерді мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Жолдауды талқылай отырып, жас патриоттар бұл –мемлекетіміздің даму кезеңіндегі стратегиялық маңызды құжат деген қорытындыға келді. Жеткіншектер азамат тұлғасы  рөлінінің артуы, еңбекке орнығу, бизнесті қолдау, әйелдер мен балаларды қорғау, кепілденген тегін медициналық көмек, аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік  пакет, көпбалалы аналарды қолдау мәселелері бойынша өз ойларын сенімді айтып, болжамдарын ортаға салды. Ақпараттық сағатқа қатысушылар алдағы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі, педагог мәртебесі артады  деген ақпаратты ерекше қабылдады. Демек, жастар арасындағы білікті, талантты мұғалімдер қатары артады. Білім сапасының деңгейі өсіп, қоғам ішінде   педагогтарға құрмет артады. Оқушылардың арасында келешекте ұстаздық тәрізді  иігілікті мамандықты таңдаған балалар да болуы мүмкін. Қалай дегенде де, нағыз маман болуда  мемлекет көмектесіп, қолдайтынына олардың көздері жетті. Келешектерін болжай отырып, оқушылар: әр қазақстандық үшін  өзінің қабілетін ашуға барлық жағдай жасалуда деген тұжырым жасады. Жолдаудағы ең басты, маңызды ой — халықтың әл-ауқаты. «Еркіндік, бірлік, тұрақтылық»-тәуелсіздік жылдары қалыптасқан қазақстандық жолдың басты құндылықтары» Қазақстан     Президентінің Жолдауын саралай келіп, болашақ әр қайсымыздың қолымызда екенін түсінесің. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Болашақты бірге құрамыз!». Кездесу соңында  жас патриоттар өздерінің Президент саясатын қолдайтындығын және оның іске асуы үшін барлық күш-жігерлерін жұмсайтынын айтты. 

Конурбаева Д.А., мектеп кітапханашысы

 

Просмотров: 513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст