Текст
2022 жылғы 3 маусым 9-сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қорытынды аттестациядан өтті. Емтихан материалы сағат 9.45 мин. - ашылды. Емтихан материалдарын ашу Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Әсел Зейнолдақызы мектеп әкімшілігі, ата-аналар, оқушылардың қатысуымен өтті. Білім бөлімінің әдіскері Асель Зейнолдақызы, мектеп директоры Бекова Л.Г. оқушыларды құттықтап, емтиханды ойдағыдай тапсырыңдар деп игі тілектерін білдірді.