12.09.2019
Абай әлемі біздің шамшырағымыз …Өз халқының игілігін, оның құдыреттілігі мен өркендеуін ойлайтын әр адам оның даналық кеңестеріне жүгінсін!
Н.Назарбаев
«Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММде Қазақстан халықтарының Тілдері апталығы аясында қазақ халқының ұлы ғұламасы Абай Құнанбаев шығармашылығына арналған әдеби қонақжай өткізілді. Қазақ ақыны-көркем сөздің шебері, философ, композитор, ағартушы, қазақ жазбашылығының негізін қалаушы. Ол өз халқының білімді, дамыған, тәуелсіз болуын армандаған. Өзінің барлық ғұмырын өз идеалдарына арнады, сондықтан да, миллиондаған жас ұрпақтың ақын атасына алғысы шексіз.
8-9 сынып оқушылары жиналған, әсем безендірілген залда бірқатар ұрпақтың рухани байлығы атмосферасы орын алды. Шараны жүргізушілер: 9 «Б» сынып оқушысы Файзулгарипов Ансар, 7 «А» сынып оқушысы Бездетная Виалетта жиналған жұртты қошаметтеп қарсы алып, сәлемдесті. Оқушылар назарына А.Құнанбаев оның баға жетпес мұрасы туралы бейнеролик ұсынылды. Абай мұрасы орыс ақыны А. Пушкин шығармашылығымен байланысты. Бұл екі есім екі-орыс және қазақ мәдениетінің арасындағы алтын көпір іспетті. Балалар бейнероликтен «Евгений Онегин» шығармасынан А. Құнанбаев аударған Татьянаның хатын қазақ тілінде тыңдады. «Горные вершины» өлеңін 8-ші сыныптардың оқушылары - Балтабаева Ильяса, Герсимова Вероника, Комбаров Максимдер үш тілде оқыды. Абай поэзиясының биік, жарқын шыңы – табьиғат тақырыбы. 5-9 сыныптардың оқушылары туған ел, оның байлығы мен сұлулығы туралы өлеңдерден үзінділер оқыды. Ұлы ойшыл А.Құнанбаев ұрпағына мұра ретінде «Қара сөздер» – нақыл сөздердің жинағын қалдырды. Балалардың назарына «он жетінші сөз» бойынша бейнеролик ұсынылды, онда бірлік, үйлесіміділік және адам өмірінің тазалығы жайлы айтылған. Сонымен қатар, балалар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан челленджерді тамашалады. Бұл эстафета Нұр-Сұлтан қ. тұрғыны Л. Рысқали бастаған. Оқушылардың орындауында «Көзімнің қарасы» әнін тыңдалды. Шара соңында әдеби қонақжай қатысушылары балаларға «Қара сөздер» шығармасынан үзінділерден құралған шағын брошюраларды сыйлады.
Абай поэзиясы - мәңгілік, даналық, махаббат пен сен беріктілік поэзиясы. «Адамның адамдығы - рухани сипатында», - деген ұлы ақын. Біз, елдіміздің өскелең ұрпақтары, ұлы ойшыл Абай өсиетіне сай болуымыз керек.