12.09.2019
№1 ОМ денетәрбиесі мұғалімдері Тугова Л.А., Шпиц-Берг М.Ф. денетәрбиесі сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша нұсқаулық өткізуді дәстүрге айналдырған.
Оқушылардың сабақта спорт формасы мен таза аяқ киімдері болуы міндетті. Оқушылар арнаулы орын – спорттық ижаратта киімдерін ауыстырады. Бағалы заттарды спорттық ижаратта қалдырмай, денетәрбиесі мұғаліміне бергені жөн.
сабақтардан босатылған оқушылар сабаққа сыныппен бірге қатысады. Босату туралы дәрігерлік анықтамаларын міндетті түрде көрсету керек. Қоңырау соғылысымен оқушылар спорт залына сапқа тұруға жиналады. Сабақтар далада өткетін жағдайларда, оқушыларға мұғалімнің қоштауынсыз мектептен шығуға болмайды.
Денетәрбиесі сабақтарында сағыз шайнауға тыйым салынады. Мұғалімнің рұқсатымен ұялы телефонды пайдалануға болады.
Оқушылар сабақта жаттығуларды орындау барысында мұғалімге және басқа оқушыларға бөгет жасамау керек.
Спорт залындағы және жаттықтырушылар бөлмесіндегі спорттық жабдықтарды өздігінен алуға тыйым салынады.
Доптармен (теннис, волейбол, баскетбол, футбол, ұрмалы) жаттығулар жасау кезінде оқушылар өзге оқушыны абайсызда жарақаттап алуға жол бермеу үшін допты бақылап ұстауға міндетті. Оқушы сабақта өзін жайсыз сезінген жағдайда ол туралы денетәрбиесі мұғаліміне айтады. Сонымен бірге, денетәрбиесі сабағынан кейінгі болған жарақат немесе жайсыз жағдайы туралы да денетәрбиесі мұғаліміне айтуға міндетті.