13.09.2019
19 тамыз - 6 қыркүйек аралығында маған: «Повышение квалификации по предметам начальных классов в рамках обновлённого содержания среднего образования РК» тақырыбы бойынша «Өрлеу» ҰБАО да біліктілік арттыру курсынан өту мүмкіндігі ұсынылды, курс тренері Сагындыкова Гульдана Мырзабековна. Курсанттар сабақты жоспарлау: сабақтың басты мақсатын есепке ала отырып оқыту мақсатын дұрыс қою; сабақтың мақсатына қол жеткізу үшін оқыту критерийлерін әзірлеу; оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолдана отырып тапсырмаларды әзірлеу бойынша білім алды. Көптеген тәжірибелік жұмыстар өткізілді, соның бір түрі – шағын оқыту.
Шағын оқыту – топтағы әріптестермен өзара тәжірибе алмасу және қызметтестік үдерісі. Сондықтан топ ішіндегі шағын оқыту оқушыларға арналған білім қоржынындағы тапсырмадарды дұрыс таңдауға, қысқа мерзімді жоспар құрудағы сенімділікті көруге көмектесті.
Курстар бізге оқыту үдерісі кезіндегі оқушы мен мұғалім рөлін қайта қарастыру, сонымен қатар, бастауыш сыныптардағы пәндер бойынша жаңартылған мазмұндағы сабақтардың құрылымы, мазмұны, мақсат-міндеттерін, бірізділігімен танысу мүмкіндігін берді,.
Жеребкова Л.В.